Қарақат Әбденді депутаттық мандаттан айыруды талап ететін петиция жарияланды

256

Қоғам белсендісі Дина Таңсәрі Мәжілістің жаңадан тағайындалған депутаты Қарақат Әбденді мандатынан айыруға петиция жариялады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



Дина Таңсәрі Қарақат Әбденнің елімізде шетелдіктермен некеге тұрушыларға салық салу туралы ұсынысына шүйлігіп, депутатты орнынан алуға петиция жариялады.

“Қызы грузинге тұрмысқа шыққан ана ретінде бұл ұсынысты айтқандарды сотқа беру керек деп есептеймін! Бұл этникалық кемсітушілік! Мына құрметсіз ханым, адам құқығы туралы бірдеңе біле ме екен? Мен Петиция құрып, ел Конституциясын бұзғаны үшін оны Қазақстан Парламентінен қууды талап етемін”,- деп жазды ол  Facebook парақшасында.


Айта кетейік, бұған дейін депутат Қарақат Әбден шетелдіктермен некеге тұруға салық салу мәселесін Мәжілісте көтеруге ниетті екенін жеткізген.


"Осы кезге дейін айтқандарымның бәрін, барлық идеяларымды, көтерген барлық мәселелерді кейінгі қызметімде де жалғастырамын.Қазір айтып отырған шетелдіктермен некеге тұруға салық салу ұсынысын әлі де ашу керек. Қалай жүргізілетінін түсіндіру керек. Неге енгізбеске? Әрине қолдаймын" – деді ол.


Дина Таңсәрінің сөзінше, депутат конституциялық нормаларды бұзып, сайлаушылардың сенімін жоғалтқан.


Депутат бола отырып, ол әйелдердің құқықтарын кемсіту, жыныстық және ұлттық негіздер бойынша конституциялық емес нормаларды ілгерілету ниетін растады. Мәжіліс отырысында халықтың қызметшісі Қарақат Әбден депутат ретінде қазақ әйелдеріне шетелдіктерге тұрмысқа шыққаны үшін салық салу идеясын жүзеге асыра ма деген сауалға Әбден былай деп жауап берді:


«Мен бір нәрсені айта аламын: менің айтқанымның бәрі, менің барлық идеяларым, мен айналысқан барлық мәселелер алдағы уақытта да жалғасын табады. Сіз қазір айтып жатқан нәрсені ашу керек, оның қалай болатынын түсіндіруіміз керек. Неге түсіндірмейміз. Әрине түсіндіреміз»,- делінген петиция мәтінінде.


Петиция авторларының сөзінше, бұл  Қазақстан Республикасы Конституциясының 39-бабын бұзу болып табылады 


“Ұлтаралық және конфессияаралық келісімді бұзуға қабілетті кез келген әрекеттер конституциялық емес деп танылады. Депутат Қарақат Әбден айтқандай, Қазақстан Парламентіне депутат бола отырып, әйелдер құқығын кемсітетін құндылықтарды ашық насихаттай отырып, халықтың талабы ретінде өзінің жеке сенімі мен идеясын жеткізуге тырысады”, – дейді олар.