АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА ЖҮКТІ ӘЙЕЛ ОТЫРҒАН ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨЛІГІНЕ ОҚ АТҚАНДАР АНЫҚТАЛДЫ

396

Фото: Денсаулық сақтау министріАқмола облысында жедел жәрдем көлігіне оқ атқан адам анықталды.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Щучинск қаласында жедел жәрдем автокөлігінің терезесін зақымдағандарды анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілді. 

Оның нәтижесі бойынша 17 жастағы күдікті мен оқиғаның екі куәгері анықталды. Олардың барлығы - Щучье қаласындағы колледж студенттері. 

"Жастардың айтуынша, 11 сәуірде кешкі сағат 22:00 шамасында олар көпқабатты үйдің ауласында пневматикалық тапаншадан металл бөтелкелерге оқ атқан. Осы кезде атқан оқ кездейсоқ өтіп бара жатқан жедел жәрдем көлігінің терезесіне тиген. Жастардың өтіп бара жатқан автокөлікке оқ ату ниеті болмаған", - дейді ведомстводан. Аталмыш факті бойынша Қылмыстық кодекстің 202-бабы "өзгенің мүлкіне зиян келтіру немесе жою" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.