Қазақстанда 1,5 млн теңге жалақы алатын қанша адам бар?

1 534

Елімізде 1,5 млн теңге жалақы алатын қанша адам бар екені белгілі болды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Биыл сәуірде қызметкерлердің санына есептелген жалақы мөлшеріне бөлу бойынша жыл сайынғы зерттеу жүргізілді.


Оның қорытындысы бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың көрсетілген тобы бойынша 2023 жылғы сәуірде толық жұмыс істеген қызметкерлер саны 3 млн 437,3 мың адам болды.


Зерттеуге барлық ірі кәсіпорын және кейін бас жиынтыққа таратыла отырып, орта және шағын кәсіпорындардың ішінара 30 пайызы іріктеліп, қатысты. Мұнда барлық қосымша ақы, үстемақы, сыйақы, салық пен зейнетақы аударымы ескеріліп, биыл сәуірдегі нақты есептелген жалақы туралы деректер пайдаланылды.


Қызметкерлердің орташа айлық жалақысы – 70 мың теңгені қызметкерлердің 1,5 пайызы алды.

70 мыңнан 150 мыңға дейін – 22,8 пайыз;

150 мыңнан 300 мыңға дейін – 36,2 пайыз;

300 мыңнан 600 мыңға дейін – 30,8 пайыз;

600 мыңнан 900 мыңға дейін – 5,5 пайыз;

900 мыңнан 1,2 млн-ға дейін – 1,7 пайыз;

1,2 млн-нан 1,5 млн-ға дейін – 0,6 пайыз;

1,5 млн теңгеден жоғары жалақы алатын қызметкерлердің саны – 0,9 пайыз.

Биыл қызметкерлер жалақысының модальді мәні 81 377 теңге болды.