Әкімдікке 1 млрд теңгеге қоқыс жәшіктері сатып алынбақ

1 428

Фото: Ozon.ruАқтау қаласының әкімдігі қоқыс жәшіктеріне 1 миллиард теңге жұмсамақшы. Қомақты қаражатқа 192 контейнер сатып алу көзделген, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі "КТК" арнасына сілтеме жасап.


Теңіз жағасында үнемі жел соғып тұратындықтан, уақтылы жиналмаған қоқыс қаланың сәні мен тазалығын бұзып тұр, дейді шенеуніктер. Осы мәселені біржола шешу үшін әкімдік жерасты контейнерлерін орнатпақшы. Қала билігі былтыр осындай 10 қоқыс жәшігін қойып, оның тиімділігіне көз жеткізіпті. Енді биыл әр данасы төрт жарым миллион теңге тұратын 192 контейнер сатып алу үшін бюджеттен бір миллиард теңге бөлінбек.


"Биыл жер асты контейнерлерінің 192-ін сатып алу жоспарланып, конкурс жүргізіліп жатыр. 192 дегеніміз, контейнерлер 192 жерге орнатылады. Бұл жүйеде контейнер бар, сонда барлығы 576 контейнер. Бұл бір текше метрлік. Бұрынғы контейнерлер 1,75 текше метр болса, бұл контейнерлердің іші 1/1, яғни көлемі үлкенірек", - дейді Ақтау коммуналдық‑шаруашылық бөлім басшысының орынбасары Бақтияр Мақсатов.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.