ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚПЕН АЙНАЛЫСҚАН ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ АЛАЯҚТЫҚ БОЙЫНША АЙЫПТАЛУДА

5 814

Қытай, Түркия және АҚШ елдерінен арзан тауар жеткізушілері, WhatsApp чаттары арқылы алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.


    Тіпті бұл туралы мәжіліс отырысында жәбірленушілердің көптігіне алаңдаған депутат Дәулет Мұқаев  ашық айтқан болатын. 

    «Қытайдан арзан тауар әкелемін деп, елді сендірген Айс Муратоваға (Шын аты Арайлым) алданғандар саны 5000-нан асады. Айсқа сеніп, переводпен кеткен ақша көлемі 30 миллиардқа жетіп отыр. Ойлаңыздаршы, елде 10 мектеп салуға болатын ақша! Немесе орта есеппен 2000 пәтердің ақшасы! Менің қолымда мұндай папканың 3 пакеті бар»,- деді депутат.

    Сырттан тауар жеткізу саласында өзін ірі кәсіпкер ретінде танытып, әлеуметтік желі арқылы сатып алушыларды тартып, төлемді картаға аудару арқылы келісім-шарт жасамай қабылдаған. Тауарды тұтынушыға  20 күн мен 1 жылға дейінгі аралықта жеткізуге уәде беріп, халықты алдаған. Сондай алаяқтардың бірі  Аис Мұратова болып шықты, оның шын есімі Арайлым ҚОЖАМҰРАТОВА. 


Ашық ақпарат көздерінен алынған мәліметтерге сүйенсек, еліміздің әр өңірінен бес мыңнан астам қазақстандық алданған. Ал, тапсырыстардың жалпы сомасы 30 миллиард теңгеге жеткен.

Заңгер Нұрсұлтан Орынбековтың  әлеуметтік желіде жариялаған ақпараты бойынша, А.Қожамұратованың үйі қазір сатылымға шығарылған, өзі үйқамақта, тергеу жүріп жатыр деп жазды.


Бұл алаяқтықтың мәні тауарларды  елдегі сатылымнан арзанырақ.  Яғни делдалдардан үстемесіз және тікелей өндірушіден сатып алғысы келетін адамдардың аңғалдығына негізделген.

Жоғарыда аталған Аис Қожамұратованың өз агенттері бар, олар тапсырыс берумен және бейхабар сатып алушылардан ақша жинаумен айналысқан.

Арнайы чаттағы сатылымға шығарылған тауар мен оның ұүны тіпті келетін уақытына дейін ашық көрсетілген. Жасыратыны жоқ, атышулы блогердің үстінен қылмыстық іс қозғалса да арнайы чаттардың әлі күнге дейін өз жұмысын тоқтатпаған.  Ең сорақысы қызылордалық Арайлым Қожамұратова  үстіміздегі жылдың 17 маусымында «Қазақстан полициясына 30 жыл» төсбелгісімен марапатталған.

 

Ал, Қызылорда облыстық полиция департаментінің мәліметінше:

«Қожамұратова Арайлым Әділбекқызы – Қызылорда облысының тумасы. Жарылыс болғанда Арыстағы ағайынға, Қостанайдағы өрт кезінде қиналған халыққа азық түлік пен киім - кешек апарып, көмек қолын созды. Екібастұз аязға қатқан жұртқа жылулық сыйлады. Қызылордада үйі өртенген отбасына, Оралда тоққа соғылып, екі қолынан айырылған балақайға үй сыйлады. Алматыда да біраз адамға үй сыйлады. Туып өскен Қызылорда облысындағы ауылының дамуына көп үлес қосты. Оқыған мектебін жыл сайын жөндеп, керек жарағын алып беріп, оқушыларға мектеп формасын әперуде. Азаматшаның қайырымдылық істерін ескере отырып бұл азаматша Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының бұйрығымен 2023 жылдың маусым айында марапатталды.
Ал, азаматшаға қатысты қылмыстық іс Алматы қаласында үстіміздегі жылдың 9 қыркүйегінде қозғалған. Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп – тексеру әрекеттері жүргізілуде. Мән – жайлары анықталуда.
Заңсыз әрекеттер марапаттау сәтіне дейін белгілі болған жоқ.», - деген жазба қалдырған. 



Қайырымдылықпен айналысқан жандарды марапаттау полиция қызметіне қалдырылса, жергілікті билік пен қоғамдық даму басқармалараның не қажеттілігі бар? Расында Полиция департаменті тарапынан берілген төсбелгінің астында қандай гәп бар? Қаншама уақыт ішінде бірде бір арыз - шағым тіркелмеді деу мүмкін емес. 

СІЗ АЛАЯҚТАРҒА ТАП БОЛДЫҢЫЗ БА?


[media=https://www.instagram.com/p/Cy46dq3ozRZ/?img_index=10]


СІЗ АЛАЯҚТАРҒА ТАП БОЛДЫҢЫЗ БА?