Атырау облысында әкімдік су тасқыны кезінде 54,5 миллион теңгеге бәйге өткізбек болған

1 552

Фото: Дене шынықтыру және спорт басқармасыСу тасқынынан зардап шегіп жатқан өңірлердің бірі Атырау облысында әкімдік су тасқыны кезінде 54,5 миллион теңгеге бәйге өткізбек болған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ат жарысын өткізу туралы хабарландыруды мемлекеттік сатып алулар сайтында дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы жариялаған. Өтініштер 9-30 сәуір аралығында қабылданатыны көрсетілген. Басқарма аталмыш бәйге үшін 54,5 млн теңге бөлуді жоспарлаған. 


Бәйге туралы ақпарат БАҚ пен желілерде жарияланған соң жоспарланған "Ұлы дала тұлпары" бәйгесі өтпейтін болған. Қазір мемлекеттік сатып алулар сайтындағы бұл хабарландырудың мәртебесі "сатып алудан бас тарту" болып өзгертілген.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.