Қазақстан азаматтары Грузиядан көлік сатып алудан алдына жан салмауда

237
Қазақстанға Грузиядан келетін көлік саны күннен күнге көбеюде, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 


Қазақстан тұрғындары Грузиядан көлік сатып алудан алдына жан салмай тұр. Бізден кейінгі орынға Қырғызстан мен Тәжікстан азаматтары жайғасқан.

Орта Азия елдеріне көлікті көптеп сатып жатырмыз. Оның көбін Қазақстан азаматтары алады. Былтырмен салыстырғанда кері экспорт мөлшері бес есе өсті. Бұрын Орта Азияға айына 200-ден аса машина сататын едік, қазір бұл көрсеткіш 1500-ге жетті. Биыл „Руставиде“ көлік саны 33 %-ға өсті. Бұған сұраныстың артуы себеп болып отыр, — дейді автобазардың маркетинг және жарнама жөніндегі директоры Стелла Камандарова.

Жерлестеріміз биыл Грузиядан 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 270 %-ға көп машина сатып алыпты. Бұл кейінгі он жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Грузия биыл автокөлік экспортынан 590 млн доллар табыс тапты.




Грузиядан көлік әкелгенде көңіл бөлетін мәселелер жайлы Kolesa.kz видеосюжет жасаған.