4 жасар қыз жоспарлы операциядан кейін көз жұмды
Батыс Қазақстан облысында ауруханалардың бірінде 4 жасар қыз жоспарлы операциядан кейін аяқ-астынан қайтыс болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бүлдіршіннің ата-анасының айтуынша, қыздың бадамша бездері мен аденоидтары алынғаннан кейін үш күн өткен соң қан кету басталған. Реанимациялық көмек көрсетілгеніне қарамастан, дәрігерлер баланы құтқара алмады.
Қыздың анасы Роза Абайдуллинаның сөзінше, дәрігерлер бала өлімінің себебін түсіндірмеген.
Анасының айтуынша, қызы Жансая Анарбаеваның дүниеге келгеніне 3 жыл 9 ай болған. Соңғы уақытта анасы оның мұрнымен дем алуға қиналып, жиі суық тиіп, тамағы ауырып жүргенін байқаған. Жергілікті емхана бұларды облыстық аурухананың ЛОР бөлімшесіне аденоидтар мен бадамша бездерін алу үшін жоспарлы операцияға жіберген. Жансаяға "созылмалы тонзиллит" диагнозы қойылған.
Ауруханадағы бөлімше меңгерушісі Камкиев ашылған кезде баланың сол жақ өкпесінде қан құйылу болғанын айтқан. Бірақ қан кетудің неден басталғанын дәрігер әлі түсіндіре алмапты. Қазір гистологиялық зерттеу нәтижелерін күту керек екен.
Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бала 2024 жылғы 25 қыркүйекте облыстық көпсалалы аурухананың ЛОР бөліміне түскен.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы патологоанатомиялық (гистологиялық) зерттеу нәтижелері 14 күнде дайын болатынын хабарлады. Егер өлім ауруханада болса, полиция қызметкерлерін тартпай-ақ мәйіт ашылады. Полиция қызметкерлері өлімге басқа себептер немесе жазатайым оқиғалар болған жағдайда ғана зерттеу жүргізу үшін тартылады.