Атырауда бассейнге барған 14 адам хлордан уланып қалды
13 шілде күні Атыраудағы бассейнге барған адамдардың денсаулығы сыр берген. Олар хлордан улануы мүмкін деген болжам бар, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бассейнге барған 14 адам медициналық көмекке жүгінді. Үшеуі ауруханаға жатқызылды, жағдайлары тұрақты. Қалғандары дәрігерлердің бақылауында.
Полиция қылмыстық іс қозғады, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Облыс әкімінің тапсырмасымен зардап шеккендер облыстық денсаулық сақтау басқармасының бақылауына алынды. Сондай-ақ өңірдегі барлық бассейндер мен аквапарктерге тексеріс жүргізу тапсырылды.







