Атырауда бассейнге барған 14 адам хлордан уланып қалды

2 528

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Ru.freepik.com13 шілде күні Атыраудағы бассейнге барған адамдардың денсаулығы сыр берген. Олар хлордан улануы мүмкін деген болжам бар, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Бассейнге барған 14 адам медициналық көмекке жүгінді. Үшеуі ауруханаға жатқызылды, жағдайлары тұрақты. Қалғандары дәрігерлердің бақылауында.

“Індетке қарсы шаралар жүргізілді, су мен ауа үлгілері алынды. Хлор буы бойынша шекті мөлшерден асып кету анықталған жоқ, зертханалық тексерулер жалғасып жатыр”, – делінген хабарламада.

Полиция қылмыстық іс қозғады, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Облыс әкімінің тапсырмасымен зардап шеккендер облыстық денсаулық сақтау басқармасының бақылауына алынды. Сондай-ақ өңірдегі барлық бассейндер мен аквапарктерге тексеріс жүргізу тапсырылды.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.