400-ге жуық сотталушыға рақымшылық жасалады

1 152
Өзбекстан тарихында алғаш рет 400-ге жуық сотталушыға рақымшылық жасалады және бұл бастама Өзбекстан Конституциясының 30 жыл толуымен байланысты,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Өзбекстан Конституциясының қабылданғанына 30 жылдығы аясында Шавкат Мирзиёевтің жарлығымен ел тарихында алғаш рет бірден 400-ге жуық сотталғанға рақымшылық жасалады. Бұл туралы Gazeta.uz сайтына мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Шерзод Асадов хабарлады.

«Тәуелсіз Өзбекстан тарихында тұңғыш рет түзеу жолына түскен 400-ге жуық сотталушы бірден рақымшылық алады. Тиісті қаулы 7 желтоқсанда жарияланады», – деп түсіндірді ол.


Ол Конституция күні мемлекеттік мереке ретінде бүкіл елде кеңінен атап өтілетінін еске салды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.