Алты немесе одан да көп балалы аналардың жәрдемақысы өседі

327

Алты немесе жетіден көп бала туып, тәрбиелеген көпбалалы аналарға құрмет ретінде наградталған аналар мәртебесі белгіленетін болады.



"Алтын алқа" алқасымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған аналар үшін жәрдемақы мөлшері 6,4 АЕК-тен 7,4 АЕК-ке дейін ұлғайтылады. Бұл туралы Әлеуметтік кодекс жобасында қарастырылған.

Сонымен қатар кодекс жобасында ана мен баланы қолдаудың бірнеше нормасы бар. Атап айтқанда:

- Бала күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда мемлекеттік жәрдемақы және әлеуметтік төлем төлеу мерзімдері 1 жылдан 1,5 жылға дейін ұлғайтылады. Төлем алушы жұмысқа ерте шыққан жағдайда, оның мөлшері мемлекеттік жәрдемақы деңгейінде сақталады:

- Бала дүниеге келгенне дейінгі соңғы 2 жылда әлеуметтік сақтандыру жүйесіне 6 айдан аз уақыт қатысқан ата-аналар жұмыс істемейтін адамдармен қатар республикалық бюджеттен төленетін бала күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақы алады;

- 6 немесе 7-ден көп бала туып, тәрбиелеген көпбалалы аналарға құрмет ретінде наградталған аналар мәртебесі белгіленеді. Қазір олар бірдей мөлшердежәрдемақы алады;

- Мүгедектігі бар балаларға қызмет көрсетумен айналысатын жеке көмекшілерге зейнетақы тағайындау кезіндегі жұмыс өтіліне қосу үшін 2023 жылдан бастап зейнетақы жарналары жүзеге асырылады;

- АӘК алатын балаларға қосымша төлем белгілеу арқылы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға берілетін кепілдік берілген әлеуметтік топтама монетизацияланады.