Жұмыстан кеш қайтқан қазақстандық бас бостандығынан айырыла жаздаған

1 507

Фото:© Әлеуметтік желіденСот отырысында сотталған бұл ұсыныспен келіспейтінін айтып, аталған бұзушылықтарды қасақана жасамағанын түсіндірген,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық аггенітігі.

Батыс Қазақстан облысы соттарының ресми Telegram-арнасында жарияланған мәліметке сәйкес, Бәйтерек аудандық сотында №1 пробация қызметінің сотталғанға тағайындалған бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ұсынысы қаралған. Іс материалдарына сәйкес, сотқа жүгінуге сотталғанның пробация қызметіне ескертпестен әкімшілік-аумақтық бірлік шегінен шығуы және кешкі сағат 22:00-ден кейін тұрғылықты жерінде болмауы негіз болған.  Оның айтуынша, еңбек міндеттерін атқаруына байланысты Орал қаласына тұрақты шығуға рұқсаты бар. Ол тек бір рет кешкі сағат 22:00-ден кейін үйіне келе алмағанын мойындап, оған жұмыстан уақытында шыға алмауы себеп болғанын айтқан. 

Іс материалдарын зерделеген сот бұл бұзушылықтардың Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 67-бабының 2-бөлігінде көзделгендей қасақана жасалған бұзушылықтарға жатпайтынын анықтады. Себебі мұндай әрекеттердің қайталануы болмаған. Сонымен қатар, сотталғанның еңбек міндеттеріне байланысты уәкілетті орган берген әкімшілік-аумақтық бірлік шегінен шығуға тұрақты рұқсаты болғаны ескерілген. Шешім қабылдау кезінде сот сотталғанның жеке басын, оң мінездемесін, жаза өтеу кезеңінде әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтарға жол бермегенін, тұрақты жұмыс орнының барын және оны қоғамнан оқшауламай-ақ түзетуге мүмкіндік бар екенін назарға алған. 

Осылайша, сот пробация қызметінің бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы ұсынысын қанағаттандырудан бас тартқан. Қаулы заңды күшіне енген.