Тіл саясатын іске асыру 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру басты міндет
2 384
Қазақстанда 2020-2025 жылдарға арналған тіл саясатын іске асыру жөніндегі мемлекеттік бағдарлама қабылданды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Үкімет қаулысымен бекітілген бағдарламаның мәтіні Қазақстанның нормативтік-құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналастырылған.
Бағдарламаның мақсаты "қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде толыққанды жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және жаңа латынграфиялық әліпби негізінде қазақ тілін жаңғыртуға бағытталған үйлесімді тіл саясатын жүргізу, тіл мәдениетін одан әрі арттыру, сондай-ақ Қазақстан азаматтарының тілдік капиталын дамыту" болып табылады.
Бағдарлама міндеттерінің бірі - мемлекеттік тілдің этникааралық қарым-қатынас тілі ретіндегі рөлін күшейту болып табылады.
Бағдарламаның мақсаты - қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі толыққанды қызметін қамтамасыз ете отырып, латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілін жаңғыртуға, тіл мәдениетін одан әрі арттыруға және тілдік капиталды дамытуға бағытталған үйлесімді тіл саясатын жүргізу.
Бағдарламаның міндеттері:
1. Латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілін жаңғырту
1.1 Латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілін ортологиялық кодтау.
1.2 Латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілінің салалық терминдер жүйесін жетілдіру, біріздендіру және кодтау.
1.3 Ономастикалық кеңістікті латын графикалы әліпби негізінде реттеу және стандарттау.
1.4 "Қазақ тілінің ұлттық корпусы" жобасын іске асыру.
2. Мемлекеттік тілдің этносаралық қатынас тілі ретіндегі рөлін күшейту
2.1 Білім беру саласындағы қазақ тілінің функцияларын кеңейту және оны қолдану мәдениетін арттыру.
2.2 Мемлекеттік және мемлекеттік емес сектор ұйымдарында қазақ тілін меңгеру деңгейін арттыру.
2.3 Ақпараттандыру және коммуникация саласындағы қазақ тілінің қолданылуын жетілдіру.
2.4 Мәдениет, халыққа қызмет көрсету, БАҚ және бизнес саласында мемлекеттік тілдің қолданылуын реттеу, әлеуметтік беделін арттыру.
2.5 Халықаралық коммуникацияда қазақ тілінің қолданылуын кеңейту.
3. Қазақстан азаматтарының тілдік капиталын дамыту
3.1 Орыс тілінің коммуникативтік-тілдік кеңістікте қолданылуы.
3.2 Этностық топтардың тілдерін дамыту.
3.3 Қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын арттыру.
Бағдарламаның нысаналы индикаторларына сәйкес мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесі 2020 жылы 90,5%, 2021 жылы – 91%, 2022 жылы – 92%, 2023 жылы – 93%, 2024 жылы – 94%, 2025 жылы – 95% құрауы тиіс.
Латын әліпбиін пайдаланатын жазбаша коммуникацияға қатысушылардың үлесі: 2022 жылы – 10%, 2023 жылы – 20%, 2024 жылы – 30%, 2025 жылы – 50% құрауы тиіс.
Мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тіліндегі контенттің үлесі: 2020 жылы – 74%, 2021 жылы – 75%, 2022 жылы – 76%, 2023 жылы – 77%, 2024 жылы – 78%, 2025 жылы – 79%.
Үш тілді (қазақ, орыс және ағылшын) меңгерген халықтың үлесі: 2020 жылы – 26%, 2021 жылы – 27%, 2022 жылы – 28%, 2023 жылы – 29%, 2024 жылы – 30%, 2025 жылы – 31%.
Бағдарлама авторлары қоғамның кейбір салаларында мемлекеттік тіл өзінің нормативтік-құқықтық мәртебесіне сәйкес деңгейде қолданылмайтынын және тек мемлекеттік тіл мәртебесі заңды түрде бекітілген бұрынғы КСРО-ның кейбір елдеріне мысал келтіретінін атап өтті.
Бағдарламаны әзірлеушілер атап өткендей,"халықаралық тәжірибе негізінде Қазақстанның практикаға енгізуге үлгі болатын екі мәселе бар: біріншісі – талап пен міндет, екіншісі - тілге қатысты жауапкершілікті белгілеу".
Авторлардың пікірінше, мемлекеттік тілді меңгерген адамдарға заңмен белгіленген артықшылықтарды ұсыну тілді үйренушілердің санын да, оның сапасын да арттыруға мүмкіндік береді.
Пайдалану шарттары: Барлық құқықтары қорғалған. Ресми тіркелген бұқаралық ақпарат құралдары сайттағы материалдардағы мәтіннің негізгі мағынасын сақтай отырып тек үштен бір бөлігін ғана көшіріп, қайта басып, ретрансляциялауға рұқсат және ақпарат көзі - ustinka.kz парақшасына гиперсілтеме болуы міндетті. ustinka.kz материалына гиперсілтеме қолданылған материалдың бірінші немесе екінші сөйлемінде көрсетілуі керек. Материалды Instagram, Facebook, Одноклассники немесе ВКонтакте интернет-қоғамдастықтарында қолдануға ақылы немесе ортақ пайдалану бойынша келісімшарт негізіндегі редакцияның жазбаша келісімі бойынша ғана рұқсат етіледі. Авторлық және сабақтастық құқықтарды бұзу бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес заңгерлік жауапкершілік қарастырылған.
Үкімет қаулысымен бекітілген бағдарламаның мәтіні Қазақстанның нормативтік-құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналастырылған.
Бағдарламаның мақсаты "қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде толыққанды жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және жаңа латынграфиялық әліпби негізінде қазақ тілін жаңғыртуға бағытталған үйлесімді тіл саясатын жүргізу, тіл мәдениетін одан әрі арттыру, сондай-ақ Қазақстан азаматтарының тілдік капиталын дамыту" болып табылады.
Бағдарлама міндеттерінің бірі - мемлекеттік тілдің этникааралық қарым-қатынас тілі ретіндегі рөлін күшейту болып табылады.
Осыған байланысты, бағдарламада Қазақстан аумағында этносаралық қарым-қатынас тілі ретінде терең тарихи, мәдени және психологиялық базасы бар мемлекеттік тілдің толыққанды жұмыс істеуі үшін қажетті шаралар көзделген, - делінген құжатта.
Бағдарламаның мақсаты - қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі толыққанды қызметін қамтамасыз ете отырып, латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілін жаңғыртуға, тіл мәдениетін одан әрі арттыруға және тілдік капиталды дамытуға бағытталған үйлесімді тіл саясатын жүргізу.
Бағдарламаның міндеттері:
1. Латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілін жаңғырту
1.1 Латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілін ортологиялық кодтау.
1.2 Латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілінің салалық терминдер жүйесін жетілдіру, біріздендіру және кодтау.
1.3 Ономастикалық кеңістікті латын графикалы әліпби негізінде реттеу және стандарттау.
1.4 "Қазақ тілінің ұлттық корпусы" жобасын іске асыру.
2. Мемлекеттік тілдің этносаралық қатынас тілі ретіндегі рөлін күшейту
2.1 Білім беру саласындағы қазақ тілінің функцияларын кеңейту және оны қолдану мәдениетін арттыру.
2.2 Мемлекеттік және мемлекеттік емес сектор ұйымдарында қазақ тілін меңгеру деңгейін арттыру.
2.3 Ақпараттандыру және коммуникация саласындағы қазақ тілінің қолданылуын жетілдіру.
2.4 Мәдениет, халыққа қызмет көрсету, БАҚ және бизнес саласында мемлекеттік тілдің қолданылуын реттеу, әлеуметтік беделін арттыру.
2.5 Халықаралық коммуникацияда қазақ тілінің қолданылуын кеңейту.
3. Қазақстан азаматтарының тілдік капиталын дамыту
3.1 Орыс тілінің коммуникативтік-тілдік кеңістікте қолданылуы.
3.2 Этностық топтардың тілдерін дамыту.
3.3 Қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын арттыру.
Бағдарламаның нысаналы индикаторларына сәйкес мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесі 2020 жылы 90,5%, 2021 жылы – 91%, 2022 жылы – 92%, 2023 жылы – 93%, 2024 жылы – 94%, 2025 жылы – 95% құрауы тиіс.
Латын әліпбиін пайдаланатын жазбаша коммуникацияға қатысушылардың үлесі: 2022 жылы – 10%, 2023 жылы – 20%, 2024 жылы – 30%, 2025 жылы – 50% құрауы тиіс.
Мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тіліндегі контенттің үлесі: 2020 жылы – 74%, 2021 жылы – 75%, 2022 жылы – 76%, 2023 жылы – 77%, 2024 жылы – 78%, 2025 жылы – 79%.
Үш тілді (қазақ, орыс және ағылшын) меңгерген халықтың үлесі: 2020 жылы – 26%, 2021 жылы – 27%, 2022 жылы – 28%, 2023 жылы – 29%, 2024 жылы – 30%, 2025 жылы – 31%.
Бағдарлама авторлары қоғамның кейбір салаларында мемлекеттік тіл өзінің нормативтік-құқықтық мәртебесіне сәйкес деңгейде қолданылмайтынын және тек мемлекеттік тіл мәртебесі заңды түрде бекітілген бұрынғы КСРО-ның кейбір елдеріне мысал келтіретінін атап өтті.
Біріншіден, посткеңестік кеңістік елдерінде тіл саясатының заңнамалық базасының өзгерістері белсенді іске асырылды. Мысалы, Балтық жағалауы елдері, Грузия, Армения, Әзірбайжан, Өзбекстан, Тәжікстан Кеңес өкіметі кезінде қабылданған Тілдер туралы заңдарды өзгертті. Көптеген елдерде мемлекеттік тілді білу азаматтар үшін міндетті болып табылады, - делінген құжатта.
Бағдарламаны әзірлеушілер атап өткендей,"халықаралық тәжірибе негізінде Қазақстанның практикаға енгізуге үлгі болатын екі мәселе бар: біріншісі – талап пен міндет, екіншісі - тілге қатысты жауапкершілікті белгілеу".
Авторлардың пікірінше, мемлекеттік тілді меңгерген адамдарға заңмен белгіленген артықшылықтарды ұсыну тілді үйренушілердің санын да, оның сапасын да арттыруға мүмкіндік береді.
Демек, тіл саясатында іске асырылатын тілді мәртебелік жоспарлау үшін қолданыстағы заңнаманы жетілдіру қажет, - деп есептейді әзірлеушілер.
Жүзден астам ұлт пен ұлыс өкілдері тұратын және халқы 18,5 млн адамнан асатын Қазақстанда қазақ тілі мемлекеттік, ал орыс тілі - мемлекеттік тілмен тең қолданылатын ресми тіл болып табылады.Пайдалану шарттары: Барлық құқықтары қорғалған. Ресми тіркелген бұқаралық ақпарат құралдары сайттағы материалдардағы мәтіннің негізгі мағынасын сақтай отырып тек үштен бір бөлігін ғана көшіріп, қайта басып, ретрансляциялауға рұқсат және ақпарат көзі - ustinka.kz парақшасына гиперсілтеме болуы міндетті. ustinka.kz материалына гиперсілтеме қолданылған материалдың бірінші немесе екінші сөйлемінде көрсетілуі керек. Материалды Instagram, Facebook, Одноклассники немесе ВКонтакте интернет-қоғамдастықтарында қолдануға ақылы немесе ортақ пайдалану бойынша келісімшарт негізіндегі редакцияның жазбаша келісімі бойынша ғана рұқсат етіледі. Авторлық және сабақтастық құқықтарды бұзу бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес заңгерлік жауапкершілік қарастырылған.