Еңбек мобильділігі орталығының басшысы қамауға алынды

1 719

Фото: ашық дерек көзіШымкентте Еңбек мобильділігі орталығының басшысы қамауға алынды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Шенеуніктің ұсталғаны туралы ақпаратты Антикордың баспасөз қызметі растады. Ресми мәлімет бойынша, Шымкенттегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Еңбек мобильділігі орталығы" КММ басшысына қатысты соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

"Сот санкциясы бойынша, күдікті қамауға алынды. Толық ақпарат кейінірек хабарланады", - деп мәлім етті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.


2023 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енген Әлеуметтік кодекске сәйкес, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында орталықтар жұмыс істейді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.