Қызылордада намаз оқуға кедергі келтірген деструктивті діни ағым өкілдеріне айыппұл салынды

768
Қызылорда облысында мешітте намаз оқуға кедергі жасаған деструктивті діни ағымды ұстанатын үш азаматқа айыппұл салынды деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 


Полиция мәліметінше, деструктивті діни ағымды ұстанатын үш азамат, мешіт қызметкерінің заңды талаптарына бағынбай, діни қызметке кедергі жасаған.

Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабының 2-бөлігімен "Заңды діни қызметке кедергі келтіру" бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, жинақталған құжаттар сотқа жолданды.
Сот қаулысымен олардың барлығы кінәлі деп танылып, әрқайсысына 120 750 теңге айыппұл салынды,- делінген хабарламады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.