Қызылордада намаз оқуға кедергі келтірген деструктивті діни ағым өкілдеріне айыппұл салынды
771
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Қызылорда облысында мешітте намаз оқуға кедергі жасаған деструктивті діни ағымды ұстанатын үш азаматқа айыппұл салынды деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Полиция мәліметінше, деструктивті діни ағымды ұстанатын үш азамат, мешіт қызметкерінің заңды талаптарына бағынбай, діни қызметке кедергі жасаған.
Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабының 2-бөлігімен "Заңды діни қызметке кедергі келтіру" бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, жинақталған құжаттар сотқа жолданды.
Сот қаулысымен олардың барлығы кінәлі деп танылып, әрқайсысына 120 750 теңге айыппұл салынды,- делінген хабарламады.
Сот қаулысымен олардың барлығы кінәлі деп танылып, әрқайсысына 120 750 теңге айыппұл салынды,- делінген хабарламады.
Қаз
Рус






