Студенттер үшін әлемнің үздік 100 қаласының қатарына Алматы қаласы енді

306

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев Twitter-дегі аккаунтында британдық консалтингтік компания жүргізген рейтинг нәтижелері туралы жазды- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

«Studee британдық консалтинг компаниясының дерегінше, Алматы студенттерге арналған әлемдегі ең үздік 100 қаланың бірі. Өмір сүру, тұрғын үйді жалға алу құны, интернет жылдамдығы, халықаралық рейтингке енетін жоғары оқу орындар саны сынды критерийлер бойынша Алматы 76-шы орында», - деп жазды Бақытжан Сағынтаев.

Деректерді талдау барысында Studee компаниясының зерттеушілері қалада тұратын 15 пен 24 жасқа дейінгі жастардың жалпы санын, тамақ өнімдерінің сапасын, сондай-ақ қауіпсіздік пен сөз бостандығы деңгейін ескерді.

Токио, Мельбурн, Сеул, Квебек және Аделаида сияқты әлемдік қалалар халықаралық рейтингтің көшбасшысы болды. Бұл ретте, Алматы Варшаваны басып озып, бірден Нью-Йорктен кейін орналасты.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.