Ресейліктер Зеленскийді бір аптада кемі үш рет өлтіруге тырысқан - БАҚ

353

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Ресейліктер бір апта ішінде Украина президенті Владимир Зеленскийді кемі үш рет өлтіруге тырысты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі британиялық The Times газетіне сілтеме жасап.


Басылым мәліметіне сүйенсек, украин басшысын өлтіруге екі түрлі топ жіберілген. Бірі - Вагнер тобының прокремльдік жалдамалы кісі өлтірушілері, екіншісі - шешен қарулы күштері. 

Украинамен болып жатқан соғысқа қарсы шығып жүрген ресейлік федералды қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінің арқасында қастық етуге жасалған қадамдарға тойтарыс берілді. 

"Вагнер" жалдамашылары украин басшысын өлтіруге тырысқан кезде адам шығынына ұшырап, украиналықтардың іс-әрекетті дәл болжағанына таңданды. Топқа жақын дереккөз Зеленский қауіпсіздік қызметінің ақпараттандырылғаны кісі өлтірушілер үшін "сұмдық" болғанын жеткізді.

 Сондай-ақ, сенбі күні Киев төңірегінде шешен жалдамашылар тобының кері қайтарылғаны хабарланды. Кісі өлтірушілердің көзі жойылды. 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.