Бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

366

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Биылғы жылдың ақпан айынан бері қамауда отырған бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

Бас прокуратура "ҚазАқпарат" агенттігінің ресми сауалына Бектановқа қатысты 2022 жылдың 19 ақпанынан бастап сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын мәлім еткен.

"Күдіктінің іс-әрекеттері Қылмыстық кодекстің 451-бабының 3-бөлігі (билікті асыра пайдалану) бойынша қарастырылуда", - дейді Бас прокуратурадан.

Қазақпараттың мәліметінше, егер айыпталушының кінәсі дәлелденсе, оған осы бапқа сәйкес, әскери жағдайда билікті асыра пайдаланғаны үшін мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылып, 7 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады. Бас прокуратура тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейтінін айтты.

Еске салсақ, Мұрат Бектанов биыл 19 қаңтарда Қорғаныс министрі лауазымынан босатылған еді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев министрдің командирлік қабілет көрсете алмағанын сынға алды.

Ал ақпан айының соңында Бас прокуратура Бектановтың ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамалғанын мәлімдеді.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.