Қызылорда келер жылы ғана ыстық сумен толық қамтылып бітеді

1 353

Фото: ortcom.kzҚызылорда – ыстық сумен қамтамасыз етілмеген елдіміздегі бірден бір облыс орталығы. Биыл қала тұрғындарының 50%-ы ыстық сумен қамтамасыз етілді. Қалған бөлігі келер жылғы жылу маусымы қарсаңында қамтылады. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Орталық коммуникациялар алаңында өткен облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы брифингінде журналистер сұрағына берген жауабында айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Облыс басшысының айтуынша, былтыр 10 қазанда Мемлекет басшысы арнайы іссапармен өңірге келгенде тұрғындар өтінішін жеткізген.

Президентке мың да бір рахмет, ол кісі мынандай кезде облыс орталығының ыстық сусыз отырғаны шынында да үлкен сын деп шешім қабылдап, Үкіметке бірден тапсырма берді. Үкімет биыл резервтен 11 млрд теңге қаражат бөлді. Ол қаражатты толық бөлгеннің өзінде бір жылда оны атқару мүмкін емес. Негізі жоба құны – 26,2 млрд теңге. Қазір 11 млрд қаражатты игердік. Осы жылы қаладағы көпқабатты үйлердің 50%-ға жуығы ыстық суды тұтынуға мүмкіндік алады. Алғашқыларына ыстық су қазір беріліп жатыр, – деді ол.

Оның сөзінше, келесі жылы қалған үйлерді ыстық сумен қамтамасыз етуге Үкіметтің резервінен 16 млрд теңге қаражат бөлінеді. Сөйтіп, қаладағы 624 көпқабатты тұрғын үй 2025 жылы ыстық суға толығымен қосылып бітеді.

Ол жерде тек ыстық су жүргізумен шектеліп жатқан жоқ. Мердігерлер көпқабатты үйлерді жөндеуден өткізіп жатыр. Әсіресе жертөре суға толғанын білесіздер, өкінішке қарай, жаман иісі бар. Соның барлығын тазалап, істеп жатыр, – дейді Нұрлыбек Нәлібаев.

Қызылорда қаласында келер жылы ыстық сумен толық қамту жұмыстары аяқталуы жоспарланып отыр. Бұл жоба қала тұрғындары үшін маңызды әлеуметтік жаңалық болып табылады, себебі ыстық су — тұрмыс деңгейін арттыруға және тұрғындардың күнделікті өмірін ыңғайлы етуге мүмкіндік береді. 

Қазіргі уақытта Қызылордада ыстық су мәселесі тек кейбір аудандарда ғана шешілген. Алдағы уақытта қаладағы барлық тұрғын үйлер мен нысандар ыстық сумен толық қамтылатын болады. Бұл жоба қала инфрақұрылымын жаңартуға, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға және коммуналдық қызметтерді жақсартуға бағытталған. 

Ыстық сумен толық қамту тұрғындар үшін көптеген артықшылықтар береді. Әсіресе, қыстың суық айларында ыстық суға қол жеткізу тұрмыс жағдайын жақсартады. Сонымен қатар, бұл жоба тұрғындардың уақытын үнемдеуге, олардың тұрмыстық қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді. 

Ыстық суға қол жеткізу коммуналдық қызметтерді тиімді басқаруға және пайдаланушылар үшін қосымша шығындарды азайтуға ықпал етеді. Сонымен қатар, бұл жоба жергілікті кәсіпорындардың инфрақұрылымын дамытуға, жұмыс орындарын ашуға да септігін тигізеді.

Жаңа ыстық су жүйелерінің енгізілуі экологиялық тиімді шешімдерді қамтиды. Әсіресе, ескі жүйелерді жаңарту арқылы энергия шығындарын азайтып, қоршаған ортаға теріс әсерін төмендету жоспарлануда.

Бұл жоба қаладағы әлеуметтік инфрақұрылымды жаңартуға, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға және Қызылорда облысының дамуындағы маңызды қадам болып табылады.

Айтуына қарағанда, ыстық су жүйесін жүргізуге ең жақсы материалдар пайдаланылып жатыр. Облыс әкімдігінің өкілдері арнайы осы жұмыс бойынша Еуропаға да, Қытайға да жіберілген. Соның ішінде Еуропадан шығып жатқан материалдарды таңдалып, қазір пайдаланылып жатыр. Ол халыққа көп жыл бойы үздіксіз қызмет етпек.