Бұландылық әйел шаш бұйралағышпен үш жасар қызының беті мен денесін күйдірген
646
Ақмола облысы Бұланды ауданының тұрғыны шаш бұйралағышпен үш жасар қызының бетін, қолын және денесін күйдіріп тастаған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.
Полицейлер қызын күйдіріп тастаған ананың үстінен әкімшілік хаттама толтырды. Сот қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін көріп, баланың құқығы өрескел бұзылған деп есептейтінін мәлімдеген.
Сарапшының қорытындысына сәйкес, баланың бетінің, екі қолының, бөксесінің, жамбасының және төменгі аяғының I-II дәрежелі термиялық күйік алғаны анықталды.
Полиция қызметкері анасына қатысты ӘҚБтК-нің 73-1 бабының 1-1 бөлігімен – денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру туралы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырды.
Іс Бұланды аудандық сотына жіберілді. Істі қарау барысында сот қылмыстық жазаланатын әрекет белгілерінің барын байқаған.
«Облыстық полиция департаментінің қызметкері азаматша Т.-ның әрекеті қылмыстық жазаланатын әрекеттің құрамында екенін біле тұра, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы негізсіз жасаған. Сонымен қатар, хаттама 2022 жылдың 2 ақпанында жасалған. Ал іс тек 2022 жылдың 3 ақпанында ғана сотқа жіберілді. Осылайша кәмелетке толмаған баланың құқығы өрескел бұзылды», – деп түсіндірді Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі.
Нәтижесінде, сот Бұланды аудандық полиция бөлімі қызметкерінің заң талаптарын бұзу және жұмысына үстірт қарауы олардың болашақта орын алуына жол бермеу үшін пәрменді шаралар қабылдауды талап ететінін атап өтті.
«Әкімшілік жаза әділ, құқық бұзушылықтың сипатына, оны жасау мән-жайына, құқық бұзушының жеке басына сәйкес болуы тиіс екенін ескере отырып, сот әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс материалдарын прокурорға берді», – деді баспасөз қызметі.
Сот қаулысымен Т.-ға қатысты әкімшілік іс қылмыстық заңда көзделген қылмыстық жазаланатын әрекет белгілерінің болуына байланысты материалды прокурорға берумен тоқтатылды.