Ақтөбеліктер алты немересі бар әжеге бір күннің ішінде жаңа үй алып берді

275

Ақтөбеліктер алты немересі бар әжеге бір күннің ішінде жаңа үй алып берді- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Диапазон басылымына сілтеме жасап.

Ақтөбеліктер алты немересі бар әжеге бір күннің ішінде жаңа үй алып берді. Шаңырақ осы күнге дейін тезек қиындысына батып кеткен ескі үйде тұрып келген. Қайырымды ақтөбеліктер бір күннің ішінде отбасына жайлы үй, тұрмыстық техника мен сиыр сатып әперіп, сонымен қатар қарызын өтеу үшін қаражат жинап берген.

Белгілі спортшылар – Гойти Дазаев пен Нұрбек Қабдрахманов бастаған азаматтар 6 немересі бар әженің Родниковкадағы тозығы жеткен үйде тұрып жатқаны туралы біледі. Баспанасы ескі әрі салқын болған.

Гойти мен оның серіктері әлеуметтік желіде жанұяға көмек қолын созуды сұрап, ақтөбеліктер отбасының шотына бір күннің ішінде 4 миллион 521 мың теңге аударған. Жиналған қаражатқа отбасына жайлы үй сатып әпереді. Сонымен қоса, оған сиыр да сатып алады. Қайырымды жандардың көмегімен жиналған ақшаға олар жаңа газ плитасы, микротолқынды пеш, автоматты кір жуғыш машина алып, отбасының өзіне киім-кешек пен оқу құралдарын алуға ақша береді.

"Ақтөбеліктер белсенді араласып, барлығы қолынан келгенше көмектесті. Біреулері 500 теңге аударса, отбасына 500 мың, тіпті миллион аударғандар да болды. Егер біз біреудің шынымен де көмекке мұқтаж екенін көрсек, оның жанынан елеусіз өтіп кетуге қақымыз жоқ. Бұл сынақ тек басына іс түскен жандарға ғана емес, біз үшін берілген сынақ. Біз көмектесеміз бе әлде көмектеспей жәй жанынан өтіп кетеміз бе осы арқылы сыналамыз", – дейді Гойти Дазаев.