ҚЫЗЫЛОРДАДА ОҚУШЫЛАР ОНЛАЙН ОҚУҒА МӘЖБҮР

4 196

Қызылордада 0 – сынып оқушылары онлайн оқуға көшкен, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі. 


Қызылорданың Ақмаржан шағын ауданындағы бұрынғы түрме ғимараты болған мектептің орнына өткен жылы сәуір айында жаңа мектеп қабырғасы қалануы керек болатын. Оқу жылының аяқталуы 2 айға жуықтады. Ата-аналар алдағы жылы білім ошағы қабылдауға дайын емес деп алаңдаулы.  Естеріңізге сала кетсек, «Қызылордалық оқушылар түрме ғимаратында білім алуда» деген материал жариялаған болатынбыз. 


Нысан салынады деген жердің біраз бөлігі жеке кәсіпкерлердің меншігінде болған. Сол үшін мыңға жуық оқушы бірнеше жылдан бері бұрынғы түрменің ғимаратында білім алуға мәжбүр болды.  Мектеп салынады дегелі 10 жыл уақыт өткен. 40 жыл бұрын түрме болған қазіргі мектепте мың оқушының білім алуына жағдай жасалмаған. Ғимарат тар болғандықтан, дәлізде екі оқушы қатар жүре алмайды. Оның үстіне акт залы, зертханалық кабинеттер жоқ. Ескі ғимараттың талапқа сай келмейтінін мектеп директоры да растаған болатын. 


Десе де мектеп алды оқушылардың қашықтықтан оқуға көшкеніне ата-аналар наразылық білдіруде. Балаларымыз әріп танымай қала ма деп қорқамыз деген ата-аналалардың білімді ұрпақты тәрбиелеуде неге жіті ойластырылмаған дейді.


 «Мектеп сүрілетінін білдік. Осыны ұзақ уақыт көтеріп те жүрдік, ақыры балаларды екіге бөлді бірі қашықтықтан оқиды, бірі қатынайды. Алдымыз жазғы демалыс қой.  Балалардың бәрі бірдей мектеп қабырғасында білім алғаны дұрыс еді. Үйде білім беруге мүмкіндігіміз жоқ. Неге осындай мәселені ескермеген», - дейді  Ғалия есімді ата-ана.


Ал, Қызылорда қалалық білім бөлімі өз тарапынан:


«Көтеріліп отырған мәселе бойынша мектеп ұжымы ата-аналармен жиналыс өткізіп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Барлық ата-ана келісім берді. Қазіргі таңда 4 автобус балалар тасымалы үшін жұмыс жасауда. Сонымен қатар, оқушылардың қауіпсіздігі үшін тәрбие орынбасарлары мен арнайы құқық қорғау қызметкерлері ұйымдастырылған. 0 сыныпты қашықтан оқыту (онлайн) шығару туралы ата-аналар келісім берген», - деп мәлімдеді.


Деседе оқушылардың сапалы білім алуына ешқандай жағдай жасалмаған. 


«Ұл-қыздарымызға ватсап арқылы сабақ өтеді» деген ата-аналар тиісті мекемелерден қайыр жоқ деп отыр. 


«Ватсаппен апайы тапсырма жібереді, оны қасында қадағалап қарап отырмасаң балаға қиын. Онлайн формат ол білім болмайды. Өте қиын. Баланың көзіне де зиян. Мұғалім оқытқандай болмайды»- дейді Айнұр есімді ата-ана.


Балалардың білімі онсыз да төмен.  Нашарлап кетті деуге де болады. Өйткені интернет нашар. Бұл балалар – біздің келешегіміз. Егер олар дұрыс білім ала алмаса, ел ертеңі қандай болады?! Мектеп шынымен апаттық жағдайда болса, басшылық балаларды оқытудың онлайн емес, басқа жолдарын қарастырып көрсе екен дейді. Тіпті келер жылы 1-сыныпқа оқушыларды қалай қабылдайды екен деген сауал да жауапсыз қалғандығын айтып қынжылды.