Қазақстаннан 15 млн доллар ақша ұрлап қашып кеткен күдікті Мәскеуде қолға түсті

432

Ресейде  ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікпен  халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық ұсталды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Агенттіктің мәліметінше, қолға түскен азамат Валерий Власов Алматы қаласы бойынша департаменті "РБК Банкі" АҚ несие қаражатын жымқырғаны үшін іздеуде жүрген болатын. Келтірілген шығынның көлемі 15 миллион долларды құрады.

Власов 2018 жылдан бері халықаралық іздеуде болатын.

Қазіргі уақытта оны Мәскеу облысының ішкі істер органдары қамауға алды. Қашқынды Қазақстанға экстрадациялау мәселесі шешілуде.