Бір үйден 4 адамның мәйіті табылды

1 516

Фото: Informburo.kzАқтөбеде жеке тұрғын үйден бір әйел мен үш кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылды,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы жағдай тұрмыстық газды пайдалану талаптарының сақталмауынан болған уланудың салдарынан орын алған. Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

Ақтөбе облысы әкімінің тапсырмасымен жағдайды жан-жақты тексеру үшін арнайы комиссия құрылған. Комиссияны Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет басқарады. Қазіргі таңда уәкілетті органдармен бірлесіп тексеру жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданады.

Құзырлы органдар қылмыстық іс аясында тергеу амалдарын бастап кеткен. Облыс әкімдігі қаза тапқандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтты. Жергілікті атқарушы органдар жерлеу рәсімін ұйымдастыруға қолдау көрсетіп, отбасыға материалдық және әлеуметтік көмек көрсетілетінін хабарлады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.