Қызылордада электр желілері жаңғыртылып жатыр

2 271

Фото: Қызылорда қаласының әкімдігіҚала тұрғындарын сапалы әрі үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында Қызылорда қаласында 2025 жылға бекітілген инвестициялық бағдарлама аясында электр жүйелеріне құрылыс-монтаждау жұмыстары қарқынды жүргізілуде, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Жаңғырту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асуда

«Қызылорда электр тораптары компаниясы» АҚ-ның мәліметінше, мекеме балансына қарайтын электр желілерінің жалпы ұзындығы – 10 504 шақырымды, ал қосалқы станциялар саны – 2018 дананы құрайды.

Қазіргі таңда:

  • 30,15 шақырымды құрайтын ӘЖ-10/0,4 кВ электр желілері жаңартылуда;
  • Сонымен қатар, 1299 дана электр энергиясын есепке алу құрылғылары жаңғыртылып жатыр.

Аталған жұмыстар қала инфрақұрылымының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, тұтынушыларды заманауи әрі сенімді электрмен жабдықтау жүйесіне көшіруге бағытталған.

Мақсат – сенімді әрі қауіпсіз жүйе қалыптастыру

Электр желілерін жаңарту мен есепке алу құрылғыларын ауыстыру арқылы:

  • Энергияны тиімді тұтыну,
  • Апаттық жағдайлардың алдын алу,
  • Тұрғындарға қолайлы әрі үзіліссіз қызмет көрсету мүмкіндігі артады.

Жоспарланған жұмыстар инвестициялық бағдарлама шеңберінде кезең-кезеңімен жалғасады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.