"Кешкі тоғызға дейін оқиды": Қостанай облысында ата-аналар балалардың сабақ кестесіне наразылық білдірді

347

Қостанайда желіде жарияланған мектеп кестесі ата-аналардың наразылығын тудырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап. 


Кесте бойынша екінші ауысымда оқитындар кешкі тоғызға дейін білім алады.
 
Белгілі болғандай, кесте Қостанай облысы Тобыл қаласындағы мектептердің бірінде жасалған. Жетінші сабақ 20:55 -те аяқталады. Сонымен қатар ата-аналар балаларының жүктемесіне ғана емес, қыста үйге қалай жететініне де алаңдайды.

Білім басқармасы бүкіл облыс бойынша ең соңғы сабақтар сағат 19:30-да аяқталатынын және бұл мектеп ағындарын бөлу үшін санитарлық нормалардың талаптарын ескеретінін айтты.

Мектептер толып кеткен жағдайда, жағдайдан шығу үшін алты күндік оқу жүйесі енгізілді. Бұл жүйемен қала мектептерінің 14%-ы оқитын болады.

“Егер сіз байқаған болсаңыз, оны мектеп директоры желіде тараған кестені бекітпеген. Шындығына келгенде оқушылардың оқу кестесі мүлде басқа. Желіде тарап кеткен кесте шындыққа сәйкес келмейді. Мектеп директоры бекіткен ресми кестені қолдану қажет. Сабақ кестеге сәйкес 19:15-те аяқталады”, – дейді Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының басшысы Зәуре Байменова. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.