Алматыда мешітте ұрлық жасаған күдікті ұсталды

177

Фото: polisia.kz

Мешіттегі ұрлықты Әуезов ауданының полицейлері ашты деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері 42 жастағы жұмыссыз азаматты ұстады.

«В. есімді азаматтың ұрлық жасап жатқан жері бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Зардап шегушінің айтуынша, қаладағы мешіттердің бірінде намаз оқу кезінде телефонын еденге, аяғының астына қойған. Намаздан кейін затының жоғалғанын байқады. Күдікті сол күні ұсталды. Ұрланған IPhone ұрының қолында болды. Ұсталған азамат өз кінәсін мойындады. Бұл дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді»,
 деді Әуезов ауданы ПБ қарасты полиция бөлімінің басшысы Елнұр Құдретбаев.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.