Қызылордада 12,6 млн теңге қаражатты жымқырған мектеп есепшісі 7 жылға сотталды

549

Қызылорда қаласында 12,6 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған мектеп есепшісі сотталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қызылорда облысының прокуратурасы білім беру ұйымдарының қызметіне тексеру жүргізді. Аталған шара барысында бюджет қаражатын иемдену және ысырап ету дерегін анықтады.


«Қызылорда қаласындағы орта мектептің бірінің бухгалтері 12,6 млн теңге көлемінде ақшалай қаражатты иемденген. Оған қатысты облыс прокуратурасы ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп, іс сотқа жолданды. Қызылорда қалалық №2 сотының үкімімен бухгалтер 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол 5 жыл мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айырылды», – деп мәлім етті облыстық прокуратурадан.


Айта кетейік, бұдан бұрын Жаңақорған аудандық білім бөлімінің басшысы 543 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.