Бүгін – Дүниежүзілік жастар күні

271

Бүгін – Дүниежүзілік жастар күні. Бұл мейрам 1945 жылы, Екінші Дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін шамамен екі ай өткен соң бекітілді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Тұңғыш рет мереке 1957 жылы өткізілді."Дүниежүзілік жастар күнінің" тойлау алғаш рет осы жылда 29 қазан мен 10 қараша аралығында Англия астанасы Лондонда өткен Дүниежүзілік жастар конференциясында болған. Конференцияға алғаш рет 30 миллионнан астам түрлі саяси идеологиялар мен конфессиялардың, 63-тен астам ұлт жастарының басын қосқан халықаралық жастар қозғалысының өкілдері жиналды.
Конференцияның аяқталған күн маңызды болып есептелінеді, өйткені ең алдымен, бұл күн өзінің "Империализмге және кертартпалыққа қарсы, бейбітшілік, демократия, ұлттық тәуелсіздік үшін, жастардың саяси, әлеуметтік және экономикалық құқықтары мен қызығушылықтарын қорғауға әртүрлі жастар ұйымдарының бірігуі" атты мақсатын жариялаған Дүниежүзілік демократияшыл жастар федерациясының негізделген күні болып табылады.
Жастар ұйымының халықаралық бірлестігі — бұл саяси, діни көзқарастары, нәсілдік және ұлттық тиістілігі әртүрлі жастарды біріктіретін халықаралық демократиялық жастар қозғалысының орталығы.
БДЖФ бейбітшілік, жастар құқығы, халық тәуелсіздігі, прогрессивті жастардың ұлттық бірігуі, құлдыққа, фашизмге және нәсілдікке қарсы күрес жүргізеді.