ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ОҚУШЫ: «МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНАН ҚОРҚАМЫН...»

11 208

Қызылорда облысында мектеп директоры 5-сынып оқушысына қол көтерген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Бүгінде білім саласында жаға ұстатарлық жәйттар жетерлік. Облысымызда білім ошақтарының басшылары тарапына айтылатын алып ұшты әңгімелерде баршылық. Алайда, мектеп директоры оқушыны ұрды деген ақпарат құлаққа түрпідей тиетіні жасырын емес. 


«Ұлағатты» ұстаздарымыздың басы даудан арылмай-ақ қойды. Жас ұрпаққа дұрыс бағдар, сапалы тәлім-тәрбие беру басты міндеті саналатын білім беру мекемелерінің жұмысы ашық та мінсіз болуға тиіс. Алайда өңірдің білім саласы қателіктен сабақ алмайтын сыңайлы. 


Жасыратыны жоқ, аймағымызда  білім саласындағы бірқатар былықтары  бірінен кейін бірі  анықталуда. Атап айтқанда Жалағаш аудандық білім бөліміне қарасты Жаңадария ауылында орналасқан №203 орта мектеп басшысы оқушының аяғы «лай» болғаны үшін ұрған. Бұл туралы «Көреміз» бағдарламасынан араша сұрап келген анасы жария етті. 



Басқа мектепке ауыстыруын сұраған ұлы тіпті қоштасу хатын жазған. Ең сорақысы ата-ана мен мектеп директоры арасында бір емес бірнеше сот процесінің жүргені де белгілі болды. 


«Аудандық соттан жеңіске жеттік, ал облыстық сот өкінішке орай мектеп директорының іс-әркетін құптады. Істі жылы жапқысы келген мектеп директоры қомақты қаражат ұсынды», - деген ана бүгінде атқа мінер азаматтардан араша сұрайды. 



Бұл мәселе әлеуметтік желіде қызу талқыға түсуде. Алайда облыстық білім басқармасы болса, аталған жағдайға баса назар аударар емес. Созылып бітіспес дауға ұласқан шудың нүктесі қашан болар екен. Әлде билік назар аудару үшін оқыс оқиға орын алуы керек пе?