51 жастағы ер адам әйелі мен баласын өлтіріп тастаған

1 475

Фото: UGCҚостанайда 51 жастағы күдікті баласы мен әйелін өлтіріп, қылмыс орнынан қашып кеткен, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Өз үйінде жансыз денесі табылған әйел мен баланың өліміне кінәлі деген күдікке бірден отағасы ілінген. Өйткені қылмыс болған жерге қызы келіп қалып, көршілердің үйіне жан сауғалап қашқан көрінеді. Мән-жайды білген тұрғындар көмек шақырып, қызды үйлерінде ұстап отырған.

Полицейлер бірден Аманқарағай мен Әулиекөл ауданына апаратын жолды жауып, жедел іздестіру шарасын жүргізді. Күдікті бір тәуліктен кейін қолға түскен. Ол өз кінәсін толық мойындады дейді полицейлер. Бірақ тергеу құпиясына сай, мұндай ауыр қылмысқа не үшін барғаны айтылмай отыр.

- Аталған факты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу оргондары барлық мән-жайды анықтап жатыр. Полиция қылмыс жазасыз қалмайтынын атап өтеді, заңға сәйкес қатаң жазаланады,-дейді Қостанай облысы ПД бастығының орынбасары Ерлан Сералин.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.