"Кредит кешіріле ме? Бұл мәселеге Әбілқасымова нүкте қойды

488
Агенттік төрайымы ғаламторда "несие кешіріледі" деген хабарлама жалған екенін айтты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К.

Әлеуметтік желіде "кредит кешіріледі", "несиеге рақымшылық жасалады" деген ақпарат тарады. Осыдан кейін Агенттікке 3 күн қатарынан жүздеген адам келді. Барлығы 18 мың өтініш келіп түсті. Олардың барлығын қабылдап, қаржы ұйымдарына жібердік,
— деді Мадина Әбілқасымова.

Оның айтуынша, 2019 жылғы рақымшылық бір рет қана болған шара еді.
Біз қаржылық жағдайы қиындап, қарызын қайтара алмай жатқан адамдар үшін жаңа заң қабылдадық. Оған сәйкес банктер мен микроқаржы ұйымдары адамдарға қарызды бөліп төлеуге мүмкіндік беретін механизмдер ұсынуы міндетті.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.