Жемқорлық жайлы хабарласаң сыйақы беріледі
Қазақстанда сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтарды ынталандыру тәртібі өзгерді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2026 жылғы 5 тамыздағы бұйрығымен жаңа талаптар енгізілді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Егер пара немесе келтірілген залал сомасы 1 000 АЕК-тен асса, хабарлаушыға оның 10%-ына дейін сыйақы төленуі мүмкін. Алайда ең жоғары төлем 4 000 АЕК-пен шектелген. 2026 жылы бұл — 17,3 млн теңге.
Мұндай тетік Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресті мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде белгілеуімен үндеседі. Мемлекет басшысы жемқорлықтың тамырына балта шабу қажеттігін атап өткен.
Cыйақы бірден берілмейді. Оның төленуі үшін хабарланған факт расталып, заңда белгіленген талаптар орындалуы қажет.
Қаз
Рус






