Білім министрлігі далада түнеген студенттерді іздестіруде

203
Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрлігі баспанасыз далада түнеп жүрген студенттерді іздестіруде, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Әлеуметтік желілерде Алматы студенттерінің «далада түнеп жүргені» жайлы видео тарап жатыр. Ғылым және жоғары білім министрлігі ролик авторларын/қатысушыларын ведомствоға хабарласуды сұрайды. Қажет болған жағдайда ол студенттерге көмек көрсетіледі, - делінген хабарламада.


Ведомство атап өткендей, Алматы қаласында қиын жағдайға тап болған студенттерді баспанамен қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штаб жұмыс істейді. Студенттер тәулік бойы +7 778 655 60 83 нөміріне хабарласа алады.

Егер азаматтарды баспанадан заңсыз шығару немесе жалға беру құнын өсіру жағдайы орын алса олар Әділет министрлігінің 119 колл-орталығына немесе 58-00-58 нөміріне (Алматы, Астана қалалары үшін) хабарласа алады
.