Нұр-сұлтан қаласында Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледж ашылды

798
«Жас ұлан» мектебін әскери колледж ретінде қайта құру туралы шешім бүгінгі таңда сержанттар құрамын даярлау мақсатында Қарулы Күштерде ерекше сұранысқа ие мамандықтар бойынша қабылданған. 
Елордалық әскери колледжге оқуға 15-17 жас аралығындағы 140 жасөспірім қабылданды.           
Генерал-лейтенант Тимур Дәндібаев оқушыларға оқуда табыс тіледі. Ол оқу орнының оқытушылар құрамының бай тәжірибесі жоғары білікті әскери мамандарды даярлауға негіз боларына сенімді.           
Қорғаныс министрлігінің әскери колледжі үш мамандық бойынша техникалық және кәсіби білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады.
Атап өтсек, Әскери істегі автоматтандыру және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, Қару-жарақ пен әскери техникаға техникалық қызмет көрсету, Әскери істегі кіші буын менеджменті бойынша техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асырады. Оқу мерзімі екі жыл он ай. Колледжде оқу тегін. Оқушылар жатақханада тұрады және қажетті заттық мүлікпен қамтамасыз етіледі.    
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.