Нигериялық күйеу бала тамақты өзі жасап, ыдысты өзі жуады

483
Өзге ұлт өкілінің жары атанған қазақ қызы Заида Жаңабаева өмірлік серігінің қандай азамат екенін айтып берді- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Заида Жаңабаева жақында оң босағадан ұзатылып, тұрмыс құрды. Күйеу жолдас пен келген құдалар өзге ұлт өкілдері болғандықтан, бар салтын, жөн-жоралғысын жасағанымен, көпшілік өзге ұлт деп сөкті. Қазақ қыздарының жатқа кетіп жатқанына қынжылды. 

“Жолдасым мені аса қатты құрметтейді. Бір жерге барсақ, мейрамханаға, кафеге, көлікке отырсам да, мені бірінші өткізеді. Өзі менен кейін жүреді. Есікті ашып береді. Маған ауыр зат көтергізбейді. Кейде менің сөмкемді көтеріп жүреді. Ел не айтады деген түсінікпен өмір сүрмейді.

Менің көңілімнің көтеріңкі болғанын қалап жүреді. Үйде ас ішіп болған соң тұрып кетпейді. Менімен бірге отырады. Ыдысты өзі жуа салады. Маған ыдыс жуғызбайды. Жай ғана қасында әңгімелесіп отырғанымды қалайды. Менің асты-үстіме түседі. Жұмыстан келген соң тамақты да өзі жасайды. Кейде сыртқа шығып ішеміз. Ұрысып жатпаймыз. Бірнәрсе болса кешір деп көп айтады. Бастапқыда ұнамайтын, кейін өзім де үйреніп алдым. Кешірім сұрап жүремін”, – дейді Заида. 

“Мен жаңа нәрсе сатып алсам, байқап қояды. Оған баға береді. Шашымды қисам, тырнағымды боясам байқайды. Үнемі рахмет айтып жүреді. Бетімнен сүйіп жүреді”- дейді жолдасы  Джесси туралы.