26 мамырдан бастап көлік салығын төлемегендердің есепшоттары бұғатталмақ

245

26 мамырдан бастап 1 АЕК-тен (3450 теңге) аса берешегі бар борышкерлердің тізімі сот орындаушыларға жолданбақ, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Kolesa.kz-ке сілтеме жасап.



Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлемеген азаматтардың жалпы қарызы 27.9 млрд теңгеге жеткенін мәлімдеді.


Заңнамаға сәйкес, олар банктегі есепшот пен мүлікті бұғаттауға құқылы. Тұрғынның қарызы 40 АЕК, яғни 138 мыңнан асса, елден шығуына тыйым салады.


Салық төлемегендер сот орындаушыға қызметі үшін жалпы қарыздың 25%-ын төлейді.


Салық бойынша қарыздың бар-жоғын e-Salyq Azamat және екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшасы арқылы білуге болады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.