ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА КӨЛІКТІ ЕР АДАМДАРҒА ҚАРАҒАНДА КӨБІНЕСЕ ӘЙЕЛДЕР ЖҮРГІЗГІСІ КЕЛЕДІ

1 225

Фото: Азаматтарға арналған үкіметБиыл жыл басынан бері Қызылорда облысында 5 228 тұрғын жүргізуші куәлігін алуға өтініш білдірсе, оның 2500–і нәзік жандылар, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облыстық филиалы ақпарат берді.

Айта кетейік, 5 228 үміткердің жартысынан көбі, яғни 51%-ы теориялық емтиханды сәтті тапсырған. Ал 2 562 қызмет алушы емтиханнан өте алмауы салдарынан практикалық емтиханға жіберілмеген. Мұнымен қоса, өткен жылмен салыстырғанда биыл жүргізуші куәлігін алуға үміткерлер саны екі есеге азайған. Мамандандырылған бөлім қызметкерінің айтуынша, бұл емтихан талаптарының қатаңдатылуына байланысты болып отыр.

Биыл теориялық емтихан тапсырушы үміткерлер саны өткен жылмен салыстырғанда екі есе азайды. Мұндай жағдай практикалық емтиханда да байқалып отыр. Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың сәуір айында ережелерге өзгерістер енгізілді. Енді жүргізушіге арнайы курстарды аяқтағаны туралы куәлік алу қажет, содан кейін ғана ол арнайы ХҚКО-да емтихан тапсыра алады, - деді ХҚКО мамандандырылған бөлімінің бас маманы Бағлан Ботабеков.

Еске сала кетейік, үміткерлер жүргізуші куәлігін Қызылорда қаласы, Тасбөгет Жаңадария ауылы, 91 мекенжайында орналасқан мамандандырылған ХҚКО арқылы алады. Ол үшін өзіңізбен бірге жеке куәлік, медициналық анықтама және оның көшірмесі, курсты аяқтағаны туралы куәлік және оның көшірмесі немесе автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы алынған құжат болуы қажет. Сондай-ақ, мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжатыңыздың болуы шарт.