Балабақшада балаларды улаған тәрбиеші өлім жазасына кесілді

755

25 баланы улаған балабақша тәрбиешісі өлім жазасына кесілді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қытайда әріптесінен кек алу үшін балабақша тәрбиешісі балаларды улап, салдарынан 1 бала көз жұмған. Маман істеген қылмысы үшін өлім жазасына кесілді.


Еске сала кетсек, 2019 жылдың наурызында Цзяозуо қаласындағы балабақшада жаппай тамақтан улану болған. Полицейлер тәрбиеші Ван Юнның мектеп жасына дейінгі балалардың ботқасына натрий нитритін қосқанын анықтады. Уланған балалардың бірі 10 ай емделгеннен кейін көз жұмды.


Ван Юн бірінші сатыдағы соттың үкімімен өлім жазасына кесілді. Кейін Қытай Халық Республикасының Жоғарғы халық соты үкімді өзгеріссіз қалдырды. Ол 13 шілдеде өлім жазасына кесілді.


Жаппай уланудан кейін балабақша жабылып тынды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.