Партиялық бақылау комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті
«AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Біріншісі, жастарға арналған «Сыр жастары» жеңілдетілген ипотекалық кредит беру бағдарламасы шеңберінде Қызылорда қаласында жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жайлы болса, екіншісі «Жасыл ел» еңбек жасақтарын ұйымдастыру туралы мәселелер қаралды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша облыстық Қоғамдық даму басқармасының басшысы Есмаханов Алмасбек баяндады.
1 200,0 млн. теңге, «Отбасы банк» АҚ тарапынан 500 млн. теңге қаржы бөлінді (барлығы 1 700,0 млн. теңге). Өткен жылы тұрғын үй құрылысының аз болуына байланысты пәтерлерді табыстауға мүмкіндік болмады. Дегенмен, осы жылдың мамыр айында 60 жас отбасы баспаналы болды. Қалған 40 пәтер бойынша «Отбасы банктің» облыстық филиалымен Қызылорда қаласы, Бименді Баймаханов 48А мекен-жайында салынып жатқан 40 пәтерлік тұрғын үй мердігерімен келіссөз жүргізілуде. Ал, 2024 жылға облыстық бюджеттен 1 200,0 млн. теңге қарастырылған болатын. Алайда, тұрғын үй құрылысының аз болуына байланысты қаржы бюджетке кері қайтарылды. Дегенмен, Басқарма тарапынан Бағдарламаның Ережесіне екінші кезектегі үйлерді алуға мүмкіндік жасау бойынша өзгеріс ұсынып отырмыз", – деді Алмасбек Әбілқасымұлы.
Аталған мәселе бойынша Отбасы банк Қызылорда филиалының бөлім басшысы Құттықов Шыңғыс: Отбасы Банк АҚ соңғы бірнеше жыл көлемінде еліміздің кейбір өңірлерлінде жергілікті атқарушы органдармен бірлесе азаматтарды баспанамен қамтудың стандартты бағдарламаларына балама бола алатын «Өңірлік ипотекалық бағдарламаларды» сәтті жүзеге асырып келе жатыр. Атап айтатын болсақ, олар:
«Алматы жастары» -бағдарлама құны 20 млрд теңгеден астам.
«Елорда жастары»- бағдарлама құны 6 млрд теңге.
«Әулиеата жастары»- бағдарлама құны 2 млрд теңге.
Аталған мәселе бойынша Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері жастарға берілетін пәтер санын арттыруға сессия отырыстарында ұсыныс беріп, қала жастарына қолайлы жағдай жасау мәселесін талқылады.