Директор жұмысқа шықпаған туыстарына заңсыз жалақы төлеген

1 509

Фото:© Baq.kz архиві/Арман МухатовШығыс Қазақстан облысында директор жұмыс істемеген туыстарына жалақы төлегені үшін сотталды, -деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстаумен айналысқан «ҚАЖсервис» ЖШС филиалында жұмысқа жалған орналастыруға қатысты қылмыстық іс қаралған. Сот кәсіпорынның бұрынғы директоры іс жүзінде жұмысқа шықпаған адамдарды ресімдеп, оларға жалақы төлеп келгенін анықталған.


Уақытты есепке алу табельдері мен қаржылық құжаттар лауазымды тұлғалар мен олардың туыстарының өтініші бойынша бекітіліп отырған. Бірінші сатыдағы сот сотталушыға қатысты амнистияны негізсіз қолданған болатын, алайда көлік прокуратурасының өтінішхаты бойынша апелляциялық инстанция бұл шешімнің күшін жойды. Кінәлі тұлға сотталды, мемлекетке келтірілген шығын толық көлемде өндірілді, - деп хабарлады Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Үкім заңды күшіне енген. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.