Қоғам
148
Қызылордада екі ер адам түзеу мекемесіне 10 телефон өткізбек болған

Ұсталған азаматтың бірін тексеру барысында бес дана ұялы телефон, үшдана қуаттағыш құрылғысы және екінші күдікті ер адамның сөмкесінен пластикалық бөтелкеге жасырылған тағы бес дана телефон, үш дана қуаттағыш пен екі дана құлаққап тәркіленіп алынды.
«Аталған дерек бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 481 бабына сәйкес екі азаматтың іс –құжаттары процессуалдық шешім қабылдау үшін Қызылорда қалалық әкімшілік сотына жолданды», – делінген департаменттің хабарламасында.