Абай облысындағы алып өрттің түтіні Жетісуға жетті

60

Шығыстағы өрттің түтіні Жетісу облысындағы бірнеше елді мекенге жетті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Жетісу облысының тұрғындары әлеуметтік желіде қаланы қалың түтін басқаны туралы дабыл қаға бастады.

Төтенше жағдайлар департаменті бұл ақпаратты растады.


“Абай облысының аумағындағы ірі орман өртінің салдарынан жел бағытының өзгеруі нәтижесінде Жетісу облысының бірнеше аудандарының аумағы қалың түтінмен жабылды. Осыған байланысты сабырлы болуларыңызды және маска киюді сұраймыз. Тыныс алу органдарының аурулары бар адамдарға және қарт адамдарға үйден шықпауға кеңес беріледі”, – делінген ТЖД хабарламасында. 


Абай облысындағы өрт 8 маусымда басталған. Ал 11 маусымда өрт аумағы 60 мың гектарға жетті. Жалынмен күрес кезінде 14 адам көз жұмды. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.