Декреттік төлемнен 193 млн теңге жымқырған схеманың ұйымдастырушысы 6 жылға сотталды

1 500

Фото: Azattyq ruhyШымкент қаласында 43 жүкті әйел декретке шыққан кезде Мемлекеттік сақтандыру қорынан 193,8 млн теңге жымқырғаны анықталды. Осы схеманы ұйымдастырды деген әйел 6 жылға сотталды, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Жергілікті «Отырар» телеарнасының жазуынша, бұл «жаттанды» схема бойынша әйелдер тек құжат жүзінде жеке кәсіпкерлердің қызметкерлері ретінде тіркелген.  жеке кәсіпкерлер ол әйелдер үшін зейнетақы аударымдарын аударған. Ең қызығы, прокуратураның ақпаратына сүйенсек, әйелдер құжаттарын тапсырып, декреттік төлемін алғаннан кейін жеке кәсіпкерлер зейнетақы жүйесіне аударған салымдардың «қате» болғанын айтып, ақшаларын қайтарып алып отырған.

Осылайша, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының бюджеті 193,8 млн теңгеге кеміген.

Сот осы схеманы ұйымдастырған әйелді кінәлі деп тауып, оны алты жылға соттаған. Ол жазасын үш жылдан кейін өтейді.

Шымкент қаласының соты 29 жастағы әйелді 21 келіншектің босану және артынан баласы 1,5 жасқа толғанша алатын жәрдемақысын заңсыз жолмен көбейтіп бергені үшін 5 жылға сотталған еді.  

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.