Жайық өзенінің жағасына бөгет тұрғызу барысында бас сүйектер табылды
Махамбет ауданындағы Жайық өзенінің жағасына бөгет тұрғызу үшін топырақ күреу кезінде, адамның 12 дана бас сүйегі мен 26 дене сүйектері табылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы мәлімдеді.
Оқиға орнына құзырлы органдардың мамандары келіп аталған деректі АЕК тіркеп, тергеу алды тексеру жұмыстарын бастады. Алдағы уақытта, табылған сүйектер қайта жерленетін болады.
Айта кету керек, бұған дейін Атырау облысында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған болатын.
Қазіргі таңда Жайық бойында орналасқан Махамбет, Индер аудандарында және Атырау қаласына бөгет тұрғызу, жаға бекіті жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.