Алматыда есірткіге мас күйінде автобус тізгіндеген жүргізуші ұсталды

380

Алматыда автобус жүргізушісі есірткіге мас күйінде автобус жүргізген. Жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz агенттігіне сілтеме жасап.


Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, №118-ші бағыттағы қоғамдық көлік Абай даңғылы мен Өтеген батыр көшесінің қиылысында тоқтатылған.


«Тәртіп сақшылары әрекеті күдік туғызған жүргізушіні тоқтатып, оны медициналық куәландырудан өткізуге апарды. Сараптама қорытындысы бойынша нарколог-дәрігерлер оның есірткіге мас болғанын анықтады»,- деді Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Дәулет Сейітқұлов.


Полиция өкілінің айтуынша, жүргізуші қоғамдық көлікті басқарудан шеттетілді.


«Алматы қаласы бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен ер адам 8 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды, сонымен қатар 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды»,- дейді ол.


Сонымен қатар автобус мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды.


«Сондай-ақ, есірткіге масаң күйдегі жүргізушіні жолаушы тасымалдауға рұқсат берген автокәсіпорынның медицина қызметкеріне 150 мың теңге көлемінде айыппұл салынды»,- деді Дәулет Сейітқұлов.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.