Қызылордалық кәсіпкерлер облыс әкімдігіне шағымдарын жеткізді
576

Бүгін Қызылордада «Қазақстанның үздік тауарлары - 2022» өңірлік көрме-байқауы өтті. Аталмыш іс-шараны облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы мен Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырды.
Облыс және қала әкімінің қатысуымен өткен жәрмеңкеде өңірлік кәсіп иелері түрлі тауарлар мен өнімдерді ұсынған болатын. Атап айтқанда, нан және ет, сүт пен күріш өнімдері, былғары аяқ киімдер мен көрпе төсек, тіпті химиялық және құрылыс тауарлары мен үй жиһаздары да біздің аймақта өндіріледі екен.

«Ғимаратты алғаныма 5 жыл болды. Алайды сол кездері апатты деп танылған екен. Сонда да берген үкімет. Енді қазір иненің ұшында отырмыз. Қай күні қай жері құлайды деп. Облыс әкімдігіне осы мәселені жеткіздім, шешімін табуға көмек береміз деді. Енді уәденің орындалуын күтемін»,- деді «Аңсаған» мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамдық бірлестігінің төрайымы Райымбаева Бақыткүл.

«Біздің өнімді облыс әкімі қымбат екен дейді. Алайда, біз халықтың сұранысын қанағаттандырып отырмыз. Қазіргі күні ұн қымбат, қант бағасы да арзан емес. Ал, жергілікті билік ұсынып отырған әлеуметтік ұндардың сапасы өте төмен, оны халық тұтынбайды. Мен арзанға жүгіріп, сападан айырылып қаламын. Оның үстіне пайдадан шығын өте көп» ,- дейді «Хан» нан өнімдерінің кәсіп иесі Әмірхан Руслан.
Әлеуметтік тауарлардың сапасына шағым білдірушілер де жетерлік. Алайда кәсіп иесіне әкімдік тарапынан көмек беріледі. Мәселеңізді шешейік деген аймақ басшысы қолдау көрсететіндігін жеткізді.
Тағы да оқыңыздар

Балабақшадан өрт шықты
1 335