Астанада бір адамға 5 келіден артық картоп сатылмайтын болды

1 354

Фото: pixabay.comАстанада кейбір дүкендерде бір адамға 5 келіден артық картоп сатылмайтын болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қаланың инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы «Small» және «Spar» желілеріне осындай шектеу енгізді.

Басқарманың мәліметіне сүйенсек, қалада картоптың бағасын тұрақтандыру үшін қажетті шаралар қабылданып жатыр. Картоп тапшылығы жоқ деп сендірген басқарманың баспасөз қызметі.

«Ал, картопты көтерме бағада алып, оны үйдің жанындағы дүкендерде қайта сататын алып-сатарлардың жолын кесу үшін «Small» және «Spar» сауда желілерінде бір адамға 5 келіден артық картоп сатпау туралы уақытша шектеу енді», - деп хабарлайды басқарманың баспасөз қызметі.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.